Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде ЭТМ-21 тобында кураторы Г.Т.Ұзақбаева «Алғыс айту-парызым» атты тәрбие сағатын ұйымдастырды.
1 наурыз – елімізде жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні. Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылық білдіреді. Шуақты көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мерекеде Қазақстандағы өзге этнос өкілдері қиын-қыстау кезеңде құшақ жая қарсы алған кеңпейіл де қонақжай қазақ халқына алғыс айтады.
Алғыс айту – адамдар арасындағы сенімді, сыйластықты арттыратын құрал. Адамның жан дүниесін тазартатын, жүрегін жұмсартатын, мейірімін оятатын сауапты іс. Әсіресе бір мүддеге негізделген, бір құндылықты бөліскен, бір мекенді ортақ Отан еткен адамдар арасындағы алғыс пен сыйластық қоғамның рухани тыныштығына, бауырмалдыққа жетелеп, Алланың ризашылығына қауыштыратын амал. Сондықтан айналамызға алғыспен қарау, басымызға келетін көптеген қарғыстан құтылудың жолы екенін естен шығармағанымыз дұрыс.
Тәрбие сағаты барысында студенттер хормен ән айтып, ата-аналарына, ұстаздарына алғыстарын білдіріп, қоғамдағы өзекті тақырып қарттар үйінен көрініс те қойды. Талантты да, дарынды жастарымыз ұстаздарын осылай сүйсіндірді.