Алғыс айту күні
1 наурыз – елімізде жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні. Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылық білдіреді. Шуақты көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мерекеде Қазақстандағы өзге этнос өкілдері қиын-қыстау кезеңде құшақ жая қарсы алған кеңпейіл де қонақжай қазақ халқына алғыс айтады.
«Алғыс алған арымас, қарғыс алған жарымас» деген дана ата-бабаларымыз. Алғыс алудың бақыт пен жақсылықтың бастауы екендігін ұрпақ санасына сіңіруі парызымыз.