23 ақпан 2024 17:14 admin

“Бауыржан Момышұлының әскери тәрбие жөніндегі 110 нақылдары” тақырыбында дөңгелек үстел

Каспий өңірі “Болашақ” колледжінде “Бауыржан Момышұлының әскери тәрбие жөніндегі 110 нақылдары” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге тәрбиелеу және идеологиялық жұмыстар тобы бастығының ЛУА 3 сыныпты сержанты Айыпов Азамат Айыпұлы, 99240 әскери бөлімінің Заң кеңесшісі, азаматтық персонал (военный пенсионер) Алдангаров Көбейсин Кожамуратович, ауған соғысының ардагерлері Нұрымбетов Батырбек Бушаевич, Ертілеуов Салауат Бекесович, Әуезов Ықылас Өтепбергенұлы қатысып, студенттерге ақыл кеңестерін айтып, ой бөлісті, патриоттық рух беру арқылы тағылымды әңгімелер айтылды. Патриоттық, танымдық шаралардың бірі болды.