"Мұқағали-мәңгілік ғұмыр"
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырлармен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған "Мұқағали-мәңгілік ғұмыр" атты Қ-23 с/о тобында әдеби кеш өтті.
Қарасазым!
Айтылмаған сезім ең,
Мен іздеген бақыттың сені өзі ме ең.
Сенің ғажап табиғатыңды кімге айтам,
Кім құмартса,өзі көрсін көзімен..- деп асқақ көңілі асқар биікке ұмтылған, ақынның өмір өткелдерімен таныс болу-әрбір азаматтың парызы деп білеміз.