Құқықбұзушылықтың алдын алуда жиналыс
Қазіргі уақытта жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу өзекті мәселе. Құқық бұзушылық — бұл қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру негізгі басымдықтардың бірі. 2023-2024 оқу жылының 16 қаңтарында Ақтау қаласы ПБ ЖПҚБ ЮПБ полиция аға лейтенанты Бердіхан Ақжол Қуандықұлымен құқықбұзушылықтың алдын алуда жиналыс ұйымдастырылды. Жиналыс барысында студенттерге арнайы жасақталған, өмірден алынған бейнебаяндар көрсетілді. Есірткі туралы, түнгі рейд кезіндегі жасөспірімдердің ұсталуы, оған қатысты заңдар, топтық төбелестің соңының неге апарып соқтыратынын айғақтайтын бейнебаяндардан қатысушы жасөспірімдердің ой түйіндеуі көп болды.