03 қаңтар 2024 13:49 admin

«Мен жастарға сенемін!» атты мәдени шара

Жыл бойы колледждің қоғамдық шарасына қатысып, халықаралық, республикалық, облыстық байқаулардан орын алып жүрген, оқу үздіктеріне, спорт саласындағы белсенді студенттерімізге арнап «Мен жастарға сенемін!» атты мәдени шара ұйымдастырылып, колледж басшысының алғыс хатымен және «ISTANBUL» кафесінің басшысының сертификатымен марапатталды. Колледж басшысы Г.М.Қаламқалиға және «ISTANBUL» кафесінің басшысы Челик Фатихқа, әкімшілік қызметкері Шидакова Заринаға студенттердің алғысы шексіз. «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты. Қырандай күшті қанатты, мен жастарға сенемін» - деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, біз болашақ жастарына сенеміз.