08 желтоқсан 2023 10:38 admin

«ZHASTAR TALKS» ТED-х

Каспий  өңірі «Болашақ»  колледжінің  «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 4 курс   студенті Алиев Жанболат  «ZHASTAR TALKS» ТED-х форматында ұйымдастырылған облыстық шарада жастарға жыр  арнады. Өнерлі студентіміз 2023 жылы Атырау облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен Халықаралық «Ерлігі ерен ер бабам!» атты айтыста, 2023 жылы Маңғыстау облысының әкімдігінің Республикалық «Майлы қиян – Маңғыстау!» атты айтысында арнайы жүлделермен марапатталды. 2023 жылы Атырау облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Қасиетіңнен айналайын, Құрманғазы!» батыс-аймақтық айтысында І дәрежелі орын, 2023 жылы  Қарақия ауданының әкімдігі ұйымдастырған Батыс аймақтық «Дүние жарық – дүр шайыр!» айтысында ІІІ орын, 2023 жылы  Ақтау қаласының әкімдігінің қалалық «Ақтау-өнер ордасы!» айтысында бас жүлдемен марапатталды. «Жыр жебе» ақындар мектебінің түлегі.

Сонымен қатар, Жанболаттың ата – анасы Маңғыстау облысының білім басқармасының алғыс хатымен марапатталды. Бұл шараға колледж әкімшілігі, оқытушылары және студенттері де қатысты.