02 қараша 2023 18:02 admin

Ақтау қаласы полиция басқармасының  бастығының  І орынбасарымен кездесу

Каспий  өңірі «Болашақ» колледжінде  Ақтау қаласы полиция басқармасының  бастығының  І орынбасары Асыл Абылайұлымен, жергілікті полиция бастығының м.а. Бақытжан Тарғынұлымен, есірткі қылмысына  қарсы іс-қимыл басқармасының арнайы маманы Алтынай Аманқұлқызы, ювеналды полицияның бастығы Ақтау қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Аллабергенұлымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында жасөспірімдер тәртібі туралы бейнебаян көрсетіліп,  талқыланды. Студенттерге тәртіп мәселесі, түнгі рейд туралы түсіндірілді.