19 қазан 2023 16:30 admin

«Прокурор сағаты-есірткі және жасөспірім»

18.10.2023ж. Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде  «Прокурор сағаты-есірткі және жасөспірім»  тақырыбында  ФК-20, ПиМНО-23, ПО-23-1, ПО-23-2, ПО-23-3, П-23-1 топтары арасында   Ақтау қаласы  прокуротурасының  бөлімі аға прокуроры Шегем Үміт Жанқуатқызымен  кездесу  өткізілді.  Студенттерге  есірткінің зияны мен оны тарату, қолдану кезінде ҚР Заң аясындағы жауапкершіліктер туралы түсіндіру мақсатында өткен  бұл кездесуге студенттермен қатар басшының орынбасарлары, оқытушылар да қатысты.  

Ақтау қаласы прокуротурасының  бөлімі аға прокуроры Шегем Үміт Жанқуатқызы студенттерді  қазіргі таңдағы өзекті проблемалардың бірі, жастар  арасында қолданылатын есірткілер оның ішінде синтетикалық есірткілер туралы, оның жастар арасында таралу,  оған жасөспірімдерді пайдалану туралы ашық әңгіме жүргізді.  Қазақстан Республикасының Заңы аясында таратушыларға қолданылатын  қатаң шаралар туралы   айтып өтті. Үміт Жанқуатқызы есірткінің, қолданатын адамның өзіне, жанұясына және қоғамға   әкелетін зиян туралы, қазіргі таңдағы қоғамда болып жатқан келеңсіз оқиғалардан мысал келтіре отырып,  одан аулақ болуға кеңестер берді. Кездесу барысында бейнефильм көрсетіліп, оқытушылар  мен студенттер тарапынан келіп түскен сұрақтарға жауап берілді.

Басшының тәрбие жұмысының  орынбасары Г.Б.Джакаева  студенттермен  ашық әңгіме жүргізе отырып, оларды колледж ережесіне сай тәртіпті болуға, әр түрлі секциялар мен үйірмелерге, ғылыми жобалар мен олимпиадаларға  белсене қатысуға  шақырды. Сонымен қатар  электронды темекі немесе басқада нәрселерді колледж қабырғасында қолданған жағдайда  колледж Жарғысына сай  шаралар қолданылатындығын ескертті.