25 Қазан – Республика күні!
Осы мерейлі мерекеге орай Каспий өңірі “Болашақ” колледжінде салтанатты мерекелік шара өтті. Іс-шара барысында студенттер мен ұстаздар ел тарихына тағзым етіп, өнерлі жастарымыз ән мен би арқылы отанс үйгіштік рухты дәріптеді. Бірлік пен тәуелсіздіктің мерекесі баршаңызға құтты болсын! Тәуелсіз еліміздің көк байрағы мәңгі желбірей берсін! Ұйымдастырушы кураторлар: Д.Ж.Ахметова, А.Ж.Жақыпова, М.Я.Абдрахманова,...
Бірлесе дамыған білім – жарқын болашақ кепілі!
Каспий өңірі “Болашақ” колледжі мен Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің “Е.Өмірбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-сі арасында ынтымақтастық шартына қол қойылды. Мақсат – білім сапасын арттыру, кәсіби бағдар беру және жас ұрпақтың болашағын бірге қалыптастыру. Басшылар: Г.М. Қаламқали және Ж.А. Әбішова
Ынтымақтастық – білімнің жаңа қадамы!
Каспий өңірі “Болашақ” колледжі мен Маңғыстау облысы білім басқармасының Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің «№10 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі арасында өзара меморандумға қол қойылды. Бұл келісім — сапалы білім беру, тәжірибе алмасу және оқушылардың кәсіби бағдарын дамыту бағытындағы маңызды қадам. Басшылар: Г.М. Қаламқали және Г.Ж. Еркебекова
Ынтымақтастық – болашаққа бағыт!
Каспий өңірі “Болашақ” колледжі мен Мұнайлы ауданы «№10 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ арасында өзара ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Мақсат – білім сапасын арттыру, тәжірибе алмасу және жастардың кәсіби бағдарын дамыту. Басшылар: Г.М. Қаламқали және К.К. Абдыкадырова
Эко-жоба: “Қақпақтан жасалған карта”
Таза Маңғыстау 45 күндік челлендж он бірінші күнінде Каспий өңірі Болашақ колледж студенттері өз туған жерінің картасын жасады. Қоршаған ортаны қорғау және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында 720 дана бөтелке қақпақтарынан Маңғыстау облысының картасын жасалды. Бұл жоба – табиғатты аялауға бағытталған экологиялық және патриоттық тәрбиенің көрінісі. Қақпақтарды жинау...