Қайым Мұхамедхановтың 110 жылдығы
Каспий өңірі “Болашақ” колледжінде көрнекті ғалым, әдебиеттанушы, абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың 110 жылдығына орай тәрбие сағаты өткізілді Тәрбие сағаты барысында ғалымның өмірі мен шығармашылық жолы, ұлттық руханиятқа қосқан өлшеусіз үлесі туралы кеңінен мағлұмат берілді Іс-шара студенттердің тарихи тұлғаларға деген құрметін арттырып, рухани-танымдық дүниетанымын кеңейтуге ықпал етті
“Зорлық*зомбылыққа қарсымыз” тақырыбында семинар-тренинг
Колледжімізде студенттердің қатысуымен “Зорлық*зомбылыққа қарсымыз” тақырыбында семинар-тренинг өтті. Шараның басты мақсаты — жастар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және өзара сыйластық мәдениетін қалыптастыру. Біз әрбір адамның қауіпсіз және еркін ортада білім алуға құқылы екенін қолдаймыз! Есіңізде болсын: үндемеу — шешім емес!
Буллинг – заңмен жазаланады!
Буллинг – заңмен жазаланады! Буллинг – жай ғана қалжың емес, жауапкершілікке әкелетін құқықбұзушылық. Заң бойынша: Буллинг жасағаны үшін 10 МРП көлемінде айыппұл салынады — 39 320 теңге Қайталанған жағдайда айыппұл 30 МРП-ке дейін өседі — 117 960 теңге Есте сақта: – Мазақтау – Қорқыту – Қысым көрсету – Қорлау →...
Отбасы – тәрбиенің бастауы
Отбасы – тәрбиенің бастауы, құндылықтың қайнар көзі БҚ-25-3 тобының студенттерімен «Отбасы құндылықтары» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Шара барысында отбасының қоғамдағы орны, сыйластық, жауапкершілік пен өзара қолдау туралы маңызды ойлар қозғалды. Студенттер пікір алмасып, отбасы берекесінің маңызын тереңірек түсінді. Топ кураторы: Усенова Б.С.
«BEST ofТжКБ: Үздіктер салтанаты»
2025 жылғы 29 желтоқсанда «Жұмысшы мамандықтар жылын» қорытындылауға арналған ауқымды «BEST ofТжКБ: Үздіктер салтанаты» өтті. Осы салтанатты шара барысында Каспий өңірі «Болашақ» колледжі«Креативті колледж» номинациясымен марапатталды! Бұл жетістік – колледж ұжымы мен ізденімпаз студенттердің бірлескен еңбегінің нәтижесі. Алға қойған мақсаттарымыз биік, алар асуларымыз әлі алда!