
“TurkicSkills 2025”: Ынтымақтастық – Болашаққа Бастама!
2025 жылдың 9 қазан күні Ақтау қаласында өткен “TurkicSkills 2025” I Халықаралық шеберлік чемпионаты аясында маңызды келісімге қол қойылды.
Ғани Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі мен Каспий өңірі “Болашақ” колледжі арасында педагогика саласы бойынша ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.
Бұл құжат – академиялық және кәсіби байланысты нығайтатын маңызды қадам.
- Заманауи тәжірибе мен ақпарат алмасу
- Ашық дәрістер, вебинарлар, семинарлар
- Студенттер мен оқытушылар алмасуы
- Ортақ жобалар мен конференциялар
Барлығы – сапалы білім мен кәсіби шеберлікке апаратын жол!
Ынтымақтастық – білім берудің жаңа мүмкіндіктері мен келешектегі жетістіктердің кепілі!