09 қазан 2025 17:13 admin

Turkic Skills-2025 | Ақтау

2025 жылдың 4–10 қазан аралығында ресми Түркі әлемінің мәдени астанасы ретінде танылған Ақтау қаласында алғашқы TurkicSkills-2025 кәсіби шеберлік чемпионаты өтуде. Бұл маңызды шара Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылды.
Чемпионат аясында келген Халықаралық Бизнес Академиясы колледжінің директоры Хисматуллина Альфия Анваровна және оқу ісі жөніндегі орынбасары Қалмағанбетова Айжан Құрмановнамен Каспий өңірі “Болашақ” колледжінде кездесу өтті.

Екі колледж арасында бұрын қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында тәжірибе алмасу, бірлескен жобаларды жүзеге асыру жалғасуда.

Қонақтар оқу үдерісімен танысып, студенттердің сабақ барысын бақылап, оқытушылардың заманауи технологияларды қолдануына жоғары баға берді. Колледждің материалдық-техникалық базасы мен оқу бағдарламалары да оң пікірге ие болды.

Бұл кездесу екі жақты байланыстарды нығайтып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады!