09 қазан 2025 16:57 admin

Ұстаздар күні қарсаңында колледжімізде ерекше тағылымды шара өтті.

Ардагер ұстаз, тәжірибелі педагог Жәмиға Нәсірқызы Нығметпен әсерлі жүздесу ұйымдастырылды.

Жәмиға Нәсірқызы – Каспий өңірі “Болашақ” колледжінің алғашқы қалыптасу кезеңінде оқу орнының өркендеуіне зор үлес қосқан, оқу-тәрбие үдерісінің дамуына атсалысқан білікті маман. Қазіргі уақытта Құлсары қаласындағы “Мед-Профи” медициналық колледжінде басшының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.

Ол – «Қазақ тілі хрестоматиясы», «Қазақ тілі» дидактикалық материалдары мен «Диктанттар мен мазмұндамалар» жинақтарының авторы. Кездесу барысында ардагер ұстаз оқу ордамыздың бүгінгі  даму сатысына ризашылығын білдіріп, колледж тарихынан сыр шертіп, жастармен тәжірибесін бөлісті.

Колледж директоры  Гүлжан Мұхитовна ардақты ұстазға алғыс айтып, ұлағатты тұлғаларды құрметтеу – біз үшін парыз екенін атап өтті.