
“Ұстазға құрмет — ұрпаққа өнеге!”
Ұстаздар күніне арналған салтанатты кеште ардагер ұстаздарымызды ерекше ілтипатпен марапаттадық. Олар — білімнің шамшырағы, жүректерге жол сілтеген жандар.
Әр шәкірттің жүрегіне мейірім мен даналық дарытқан аяулы ұстаздарымыздың еңбегі — мәңгілік мұра.
Ұстаз болу — жай ғана мамандық емес, ол — үлкен жауапкершілік пен жүректің таңдауы.
Бүгін біз олардың маңдай тері мен адал еңбегіне алғыс айтып, ақжарма тілегімізді арнадық.
Ұстазға құрмет көрсету — болашаққа жол ашу!