07 қазан 2025 09:41 admin

Өнеге ізімен – өмір өрнегі

Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің «Ұстаз – ұлт шамшырағы» атты онкүндігі  аясында ұйымдастырылған  «Ұстазға құрмет» челленджіне орай  Каспий өңірі «Болашақ» колледжі ұжымы педагогика ғылымдарының докторы, профессор, білім беру ісінің құрметті қызметкері, құрылтайшы Қаламқали Мұхит Хисметұлы мен экономика ғылымдарының кандидаты, Халықаралық педагогикалық білім беру ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, Республикалық «Қанатты әйел» байқауының жүлдегері, ұлағатты ұстаз, іскер басшы Шаккузова Ғалия Жақыпқызы туралы мақтанышпен айта аламыз. Қаламқали Мұхит Хисметұлы 100-ден аса ғылыми еңбектің авторы, ғылым мен білімнің дамуына үлес қосқан ғалым.  Білімнің қос қаһарманы —Мұхит Хисметұлы мен Ғалия Жақыпқызы еліміздің ең күрделі кезеңдерінің бірі — нарықтық қатынастар қалыптасқан жылдары өскелең ұрпаққа сапалы кәсіби білім беру, білікті жас мамандарды даярлау жолында үлкен қайраткерлік танытып, жекеменшік оқу орындарын ашты. Олардың бастамасы мен табанды еңбегі нәтижесінде сан мыңдаған түлек білім алып, өмірге жолдама алды. Көптеген педагогтар тұрақты жұмыспен қамтылып, отандық білім беру жүйесіне сүбелі үлес қосылды. Бұл — тек жеке еңбек қана емес, ұлт болашағына бағытталған шынайы қамқорлықтың, ұстаздық адалдық пен азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі. Қазіргі таңда 28 жылдық тарихы бар бұл оқу орнын стратегиялық ойлау қабілеті жоғары, креативті идеяларды батыл жүзеге асыра білетін, инновациялық басқару тәсілдерін меңгерген, көшбасшы тұлға, іскер басшы Қаламқали Гүлжан Мұхитқызы табысты басқарып келеді. Бұл – нағыз "Атадан балаға мирас болған ізгі істің" жарқын үлгісі. Білім мен тәрбие жолындағы сабақтастық пен жауапкершілік бүгінгі күнге дейін өз жалғасын табуда.

Каспий өңірі "Болашақ" колледжінің ұжымы Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтайды! Саналы ғұмырыңызды жас ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие беруге арнаған еңбектеріңізге шынайы алғыс білдіре отырып,  мықты денсаулық, отбасы амандығы, шығармашылық табыс, толағай жетістіктер тілейміз. Ұстазға құрмет — елге құрмет! Мерекелеріңіз құтты болсын!