06 қазан 2025 17:02 admin

"Жасампаз бол, жас ұстаз!"

Бүгін Каспий өңірі "Болашақ" колледжінде Ұстаздар күніне орай "Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі" мамандығының студенттері арасында "Жасампаз бол, жасұстаз!" атты семинар-практикум өтті.

1-курс студенттері – мұғалім мамандығы туралы жүрек жарды ойларымен бөлісті;

2-курс студенттері – тақырыптық презентация қорғады;

3-курс студенттері – оқушылармен сабақ үлгісін көрсетті;

Бітіруші топтар – нормативтік құжаттармен таныстырып, ойындар ойнатып, портфолио қорғады.

Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, болашақ ұстаздарға үлкен шабыт сыйлады!

Ұйымдастыруда аянбай еңбек еткен төмендегі кураторлар мен олардың белсенді топтарына ерекше алғысымызды білдіреміз:

Ж. Орынбасарқызы

Ж. М. Наурзбаева

С. Н. Пиримбетова

Е. К. Ибадуллаева

Д. М. Отесинова

А. Нурпейісова

Г. С. Каламбаева

Г. К. Таджибалиева

Сіздердің еңбектеріңіз — жас ұстаздардың болашағына жол ашатын жарқын бағдар!