
«Студенттік көктем-2023»
Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің студенттері «Студенттік көктем-2023» облыстық фестиваліне қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Бір аптаға созылған «Студенттік көктем-2023» облыстық фестивалі өз мәресіне жетті. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиевтің қатысуымен өткен гала-концертте жүзден жүйрік шыққан қатысушылар мен командалар марапатталды. Байқауға кәсіптік-техникалық оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитын 600-ден аса студент белсенді қатысты. Олар спорттық жарыс бойынша шағын футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисінен сынға түсті. Сонымен қатар музыкалық қойылым бағыты бойынша өнер көрсетті. Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің студенттері де белсене араласты. Нәтижесінде, волейболдан 3-орынға, үстел теннисінен 2-орынға ие болды. Жалпы барлық спорт түрлерінен жоғары ұпай жинап, «Үздік спорттық оқу орын» номинациясы бойынша 3-орын Каспий өңірі “Болашақ” колледжіне бұйырды және 50 000 теңге сертификаты беріледі. Шараның негізгі мақсаты – студент жастардың әлеуметтік әлеуетін арттыру және студенттік өмірге белсене араласатын жастарды, студентерді, студенттік топтарды анықтау. Сонымен қатар жастарды дене шынықтыру және спортпен жаппай жүйелі түрде шұғылдануға жұмылдыру болып отыр.
«Ақтау студенттер Альянсы» корпоративтік қоры Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасына, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығына, Маңғыстау облысының білім басқармасы мен Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына алғыс айтамыз.