01 маусым 2023 15:50 admin

«Жас маман-2023»

Каспий өңірі «Болашақ» колледжі оқу-әдістемелік жұмысы жоспарына сәйкес осы жылдың сәуір айында колледжішілік «Жас маман-2023» байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: шығармашылықпен жұмыс жасайтын, талантты оқытушыны анықтау, оларды қолдау және тәжірибесін тарату; жас ізденімпаз, креативті, шығармашыл ұстаздың мәртебесін көтеру; АКТ- ны меңгерген, жан – жақты, мобильді оқытушыны анықтау; оқытушының  шығармашылық өзін – өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру. Байқау 5 модуль бойынша өткізілді. Байқауға 12 жас мамандар қатысты.  "Үздік жас маман-2023" атты байқаудың қорытындысы бойынша:

1-ші дәрежелі дипломмен Пиримбетова С.Н.,

2- ші дәрежелі дипломмен - Сулейменова А.М.,

3- ші дәрежелі дипломмен - Усенова Б.С.,

оқытушылар Елеусін Ә.Ә., Ибадуллаева Е.К. алғыспен марапатталды.