
Каспий өңірі "Болашақ" колледжінің студенттері Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Маңғыстау облысы бойынша департаментімен кездесуге қатысты.
“Сыбайлас-жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді.Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда танымды шаралардың бірі болды.
АДАЛДЫҚ
«Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың əулиесі - сол».
«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей».
(А. Құнанбайұлы)
«Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, Ғибадат пен адалдық ар үшін жи». «Бізше адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға негізгісі – адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуы керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныш өмір сүруге мүмкіндік жоқ».
(Ш. Құдайбердіұлы)
ПАРАСАТТЫЛЫҚ
«Үш-ақ нəрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек».
(А. Құнанбайұлы)
«Бақыттың мəні – парасаттылықта, əркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсатпен кездейсоқ рақат үшін емес, адамның өз мінез-құлқын, іс-əрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында».
(Əл – Фараби)
«Өмірде ең бастысы – адамдық парасаттылық, білім, жоғары кəсіпқойлық жəне өз Отанына адалдық».
(Қ. Тоқаев)
ƏДІЛДІК
« Кімде-кімнің əділдігі жоқ болса, оның ұяты да жоқ». «Қайғы келсе, қарсы тұр, құлай берме, қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме. Жүрегіңді сүңгі де, түбін көзде, сонан тапқан - шын асыл, тастай көрме».
(А. Құнанбайұлы)
«Əділ сөйлеп, адал жүр».
(Қ.А. Ясауи )
СЕНІМ
«Сенім. Бұл бір ұлы күш. Сенімге ие болу - өмірді мəнді етеді».
(І. Есенберлин)
«Сен - ата-анаңның үмітісің. Сен қайталанбас тұлғасың, өз өміріңнің белсенді жасаушысысың, сондықтан өзіңе ғана сен».
(Б. Момышұлы)
«Жалпы адамзаттың жақсылығына сену - адамгершіліктің ең биік белгісі».
(М. Жұмабаев)