
«Болашақ аруы» байқауы
Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде «Болашақ аруы» байқауы ұйымдастырылды. Қыз балаларға тән инабаттылықты, имандылықты насихаттауда тағылым мол ерекше шаралардың бірі болды.
Бөлімдері:
- «Әдептілік белгісі — сәлемдесу»;
- «Өнерлді өрге жүзер»;
- «Үй тапсырмасы»;
- «Ана көрген тон пішер».
Нәтижесінде:
П-22-2 тобының студенті Нурымбетова Мунира бас жүлдені, А-22-2 тобының студенті Сарсенбаева Асель І орынды, А-22-1 тобының студенті Тұрмағанбетова Ұлжан, ДО-22 тобының студенті Жумагазиева Ару ІІІ орынды иеленді. Қалған қатысушылар алғыс хатпен марапатталды.