20 қаңтар 2023 15:51 admin

«Цифрлық трансформация жағдайындағы педагогтардың құзыреттіліктері мен дағдылары» тақырыбында әдістемелік семинар-практикум

2023 жылдың 12 – 16 қаңтар аралығында  Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде «Цифрлық трансформация жағдайындағы педагогтардың құзыреттіліктері мен дағдылары» тақырыбында әдістемелік семинар-практикум өткізілді. Семинар-практикумда басшының әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Ш.Р.Айтжанова семинар-практикумның мақсатымен, бағдарламасымен таныстырды.Әдістемелік семинар-практикум мақсаты:оқу үрдісінде цифрлық технологияларды пайдаланушы педагогтерге қажетті білім, білік, дағдылар мен құзыреттіліктерді сипаттап және оларды дамытуға, жетілдіруге ықпал ету.Спикерлер Шуақбаева Р.С.,педагогикалық ғылымдар кандидаты, арнайы пәндер оқытушысы, Бұлттық технологиясымен Google қосымшасында жұмыс жасау әдістемесімен, техникалық ғылымдар магистрлері Елеусін Ә.Ә. «Стандартты бағдарламалармен жұмыс істеуді үйрену», Нурекешов Д.С. «Графикалық дизайндарды қолдану барысында бейнесабақ түсіру тәсілдері» бойынша өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқытушылар практикалық тапсырмалар орындады.

Әдістемелік бөлім