13 қаңтар 2023 11:42 admin

Спорт саласында биіктен көрініп жүрген студентімізді мақтан тұтамыз!

Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде спорт саласынан студенттеріміз жетістіктермен көрінуде. Атап айтсақ,  ФК-21 с/о тобының студенті Ешман Аманбай грипплинг ноги және ги  бойынша Маңғыстау облысының чемпионатында ересектер арасында  66 кг салмақ дәрежесінде І орынға ие болды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне орай дзюдо күресінен Маңғыстау облыстық чемпионатында ЭВТ-20 тобының студенті Каримов Азамат І орынмен марапатталды. «Рухани жаңғыру» өңірлік бағдарламасы аясында өткен панкратион бойынша аудандық ашық турнирде ЭВТ-20 тобының студенті Меделбай Әсет ІІ орын, Маңғыстау облыстық турнирінде ІІІ орынға ие болды. Сонымен қатар, Халықаралық студенттер күніне орай  «Ақтау қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ  ұйымдастыруымен  колледждер арасында өткен ашық турнирде қол күресінен Аманқұл Қазбек ІІІ орын, Дүйсенғалиев Ақылбек ІІІ орын, Жолдасов Нұрасыл ІІІ орын, гір тасын көтеруден Чаудырбаев Дастан І орынмен марапатталды.

Спорт саласында биіктен көрініп жүрген студентімізді мақтан тұтамыз!