
Ш. Есеноватындағы Каспий мемлекеттік және технологиялар университетінде Ашық есік күні
2022 жылы, қараша айының 16-жұлдызында Ш. Есеноватындағы Каспий мемлекеттік және технологиялар университетінде Ашық есік күні өтті. Шараға Каспий өңірі "Болашақ" колледжінің бітіруші НОО-19 тобы мен "Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану" мамандығының СЭЗ-21-1 тобы қатысып қайтты. Шара барысында университет ұстаздары техникалық бағыттағы факультеттері туралы болашақ түлектерге ақпарат беріп, әр мамандықтың өзінді керекшелігіне тоқталды.
Әр саланың басын қосатын бірден бір басты ерекшелік-барлық мамандық бойынша шетелде оқу мүмкіндігі, яғни академиялық ұтқырлық қарастырылған. Университет түлектері "KMG School" бағдарламасы негізінде КазНИПИ-де тәжірибеден өтуде.
Университетте дуальды оқыту жүйесі де бар. Соның негізінде студенттер білім ала жүріп қызметете алады. Егер студенттің мекемедегі жұмысы 15 күн деп алар болсақ, сол 15 күніне дуальды оқыту жүйесі бойынша бағаны мекемедегі тәлімгері қойса, демалысындағы 15 күн университетке келіп, білім алады. Сәйкесінше, бұл кезде бағаны университтетегі ұстаздары қояды. Осылайша дуальды оқыту жүйесі негізінде студент теория мен практиканы қатар алып жүреді.
Бакалавр дәрежесін алған студенттер өз ғұмырын ғылым жолына арнаймыз десе, университетте магистратура, доктарантура, тіптен аспирантура да бар. Енді болашақ аспиранттар ғылыми диссертацияларын қорғау үшін Алматыға ат терлетіп барудың қажеті жоқ. Диссертациялық жұмыстарын Ақтау қаласынан қорғауға болатынын және ғалымдар кеңесі бар екенін де еске салды,
Сондай-ақ, университет студенттеріне арналған әскери кафедра бар. Кафедрада 1 жыл білім алып сержант, 2 жыл білім алып лейтенант шенін алып шыға алады. Бірақ грант тек офицерлерге ғана бөлінеді. Әскери кафедрада тек ұлдар ғана емес, қыздар да оқи алады. Осы жылы әскери кафедраға 5 қыздың оқуға қабылданғанын да айтакетті.
Жатақханамен де ешқандай мәселе жоқ. Қазіргі таңда 3 жатақхана корпусы болса, тағы да жаңадан жатақхана салынып, үстіміздегі жылы қолданысқа беріледі деп жоспарлануда.
Қазіргі заман ғаламтордың заманы екені бәрімізге белгілі. Соған сәйкес келер жылы Ш. Есенов университетінде "бинпрограммист" мамандығы ашылады деп жоспарланған. Бұл-құрылыс бағытындағы мамандық. Яғни бұл мамандық иелері сызудың барлығын компьютер арқылы жүзеге асырады.
Еліміздің Президенті Қ. Ж. Тоқаев өзінің Маңғыстау облысына келген сапарында Каспий теңізінің ластануына байланысты ғылыми зерттеу институтын ашуды жоспарлап кеткенін айтып, бұл іске жұмылдыратын экологтар мен геолагтарты, әрине, Ш. Есенов университеті дайындап шығатынын да тілге тие кетті.
Экологтар "Эра", геологтар" TNavigator" программасымен жұмыстанады. Аталған бағдарламаларды университетке демеушілер сыйға тартып, студенттер оларды өз жұмыстарында пайдалануда. Студенттер тек оқып ғана қоймай, ғылыммен де айналысып геология бағыты бойынша 19 млн теңгені қанжыға сына байлаған.
Өздерінің білім ордасы туралы толық ақпарат беріп, экскурсия жұмыстарын жасап, Ашық есік күніне арнайы шақырғаны үшін @yessenovuniversity мен университет басшылығына алғыс білдіреміз!