16 қараша 2022 15:24 admin

«Бала құқығы – адам құқығы»

ЖШС Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде 20 қараша – Халықаралық балалар қорғау күніне орай, «Бала құқығы – адам құқығы» республикалық онкүндікті облыстық деңгейде өткізу аясындағыіс-шаралар жоспарына орай «Балалық шақты бірге қорғайық!» тақырыбындастуденттер арасында жоба жасақталып, қорғалды. Жобаға ПиМНО-22-2 с/о тобының студентіН.Атамуратова «Naz_colection» ательесінің бизнес жоспарын, ПиМНО22-2 с/о тобының студенті Е.Аманғалиева«Медициналық ұяшық» жобасын, НОО-21 с/о тобының студенті Н.Жаманқараева«Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған клуб» жобаларын оқытушылар және де студенттер алдында қорғады. Студенттердің қайырымдылық жасаудағы, адам құқығын қорғаудағы ізгі ниеттері ұстаздарын қуандырды.

Жетекшілері:

Ж.Көздібаева

Г.Көшербаева

С.Пиримбетова

Т.Таймағанбетова

Ж.Орынбасарқызы

І.Мендалиева

А.Жақыпова