30 қыркүйек 2022 18:33 admin

Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларының желісі  бойынша бейнелеу өнерінен  колледжішілік байқау

Каспий  өңірі «Болашақ» колледжінде  Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларының желісі  бойынша бейнелеу өнерінен  колледжішілік байқау өткізілді. Байқау тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға  Ахмет Байтұрсынұлының «Аңдарға келген індет», «Кісі мен арыстан», «Жарлы бай», «Шымшық пен көгершін», «Қара бұлт» шығармаларынан өрнектелді.  Колледжішілік байқаудан үздік деп танылған жұмыстар облыстық байқауға ұсынылды. 

 Сабақбаев Асқар, Бекнұр Райқұл, Сарсенбек Мадина, Жаңабай Әсет, Қаражанов Исламбек, Избасова Нұрай, Көмекова Индира, Догдарбаева Дильназ, Дабылова Гулмира, Нұрберген Нұрбақыт атты студенттер өз туындыларын ұсынды. Жетекшілері: арнайы пән оқытушылары: Сатқанбай Р.Н., Тулешова Н.К., Абдрахманова М.Я.

Каспий  өңірі «Болашақ» колледжінде  Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларының желісі  бойынша бейнелеу өнерінен өткен  облыстық байқауда  А-22-2 тобының студенті Избасова Нұрай ІІІ орынмен марапатталды. Жетекшісі: Абдрахманова М.Я.