23 қыркүйек 2022 18:29 admin

Ақтау қаласы ПБ ЖПҚБ ЮПБ учаскелік инспекторымен кездесу

2022 жылдың 23 қыркүйегінде Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде  жасөспірімдердің құқықбұзушылығының  және ұсаққұқықбұзушылығының  алдын алуда топтар арасында бірін бірі бопсалау, зорлық - зомбылық көрсету, тұрғын үй алдын ластау т.б. тақырыптар аясында  түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  Ақтау қаласы ПБ ЖПҚБ ЮПБ учаскелік инспекторы, полиция капитаны Джумагалиев Жанабай Оразбекович  студенттермен сұхбат құрып,  жасөспірімдерге қатысты  әкімшілік, қылмыстық заң баптары туралы таныстырып өтті.   Жалпы рейд кезінде жасөспірімдердің  түнгі мезгілде ұсталып, ата-аналары әкімшілік жауапқа тартылуда екенін ескертіп өтті.

Қылмыстық кодекстің және әкімшілік кодекстің баптарын сатылай көрсетті:

435-бап. Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 293-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген, он төрттен он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмаған адам жасаған ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық –    ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

441-бап/1:Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтыну - жеке тұлғаларға он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

440-бап/2. Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу

2. Он сегіз жасқа толмаған адамдардың қоғамдық орындарға масаң күйде келуі, сол сияқты олардың алкогольдік ішімдіктерді ішуі – ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

442-бап/1. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы

1. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы – заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Қылмыстық кодекс

293-бап. Бұзақылық

1. Бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не барынша арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз әрекеттер жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзу –      екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жүмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.