01 шілде 2022 17:26 admin

2022 жылдың 01 шілдесінде  «Хан Шахар» салтанат сарайында  Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің бітіруші түлектеріне диплом тапсыру салтанатты жиыны  өткізілді. Төмендегідей топтарға диплом табысталды:

ВТиПО-18-1 тобы, кураторы Джантасова Римма Утаргалиевна;

А – 18 тобы,  куратор Сатқанбай Рахия Нәдірбайқызы;

СЭЗ – 19 тобы, кураторы  Жарылғасова Гулфайрус Алмажайқызы;

НОО – 18 тобы,  кураторы  Керимова Гулсайра Керимқызы;

ДО - 18  тобы,  кураторы  Дүйсенова Гүлзира Елемесовна;

ЭВТ – 19  тобы, кураторы  Узакбаева Гулшат Тулепбергеновна;

П – 19  тобы,  кураторы  Өтегенова Махаббат Махсетқызы.

25 жылдық тарихы бар,  8000 мыңнан асатын түлектерді  ұшырған,  киелі өлке Маңғыстаудағы іргелі оқу орындарының бірі – Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің  басшысы Қаламқали Гүлжан Мухитовна салтанатты жиынды ашып, үздік дипломдарды табыстап, түлектерге сәттілік тіледі. 

Кеш қонақтары ЖШС  «BIKADA» директоры  Естемесов Фазыл Рафикович, «Каспийский  тренинговый  центр»  директоры Вахромеев Олег   Сергеевич,  «Ақтау қаласы бойынша  оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  мектепке дейінгі тәрбие секторының меңгерушісі Кубигулова Ақбөбек Абдирамановна студенттерге ақ тілегін арнап, дипломдарын мамандықтары бойынша табыстады.

Қоғамдық жұмысқа белсене араласқан, үздік оқыған колледж  түлектері мен олардың ата-аналарына алғыс хат тапсырылды. Студенттер өз өнерлерін көрсетіп, ата-аналар алғыстарын білдіріп, салтанатты жиын керемет көңіл күймен аяқталды.

Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің келешегінің жарқындығына, ата-аналардың сенімін ақтайтындығына, жастардың армандарын қанаттандыратынына  тағы бір мәрте осы өткізілген мәдени  шара куә болды.

Колледж әкімшілігі мен кураторлар өз үлестерін қоса білді. Бітіруші түлектер мен олардың ата-аналарын керемет көңіл күй сыйлаған колледж басшысы Гүлжан Мухитовнаға алғысымыз шексіз.