08 маусым 2022 10:08 admin

«Нашақорлықтың алдын алу»

Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде  Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы М.Қ.Орынбасарова, Ақтау қаласы ПБ  Есірткі қылмысына қарсы  іс-қимыл бөлімінің  жедел уәкілі  полиция аға лейтенанты Д.К.Жанбаев, Жаңаөзен қаласының қоғамдық даму орталығының маманы  Е.І.Қалиевтің ұйымдастыруымен  студенттер арасында «Темекі тастау үшін керемет күн», «Алкоголь ішімдіктерін тұтынудың алдын алу», «Нашақорлықтың алдын алу»  тақырыбында семинар-тренинг  өткізілді. Семинар – тренинг барысында «Мас күйінде көлік жүргізу» интерактивті көзілдірігі, «темекі шегетін Сью» қуыршақ – симуляторы, темекіге қарсы чемодан және «Спирттің ақуызғаәсері» биохимиялық тәжірибесі арқылы жастарға темекі, арақ, нашақорлық, токсикомания және т.с.с. қауіп-қатер  факторларының зияны туралы ақпараттар әсерлі жеткізілді.  Эксперименттер өте қызықты,  студенттердің  санасында  қаларлықтай жеткізілді.  Сонымен қатар, видеороликтер көрсетіліп,  студенттердің сауалдарына нақты жауаптар берілді.

Салауатты өмір салтын дұрыс ұстануда «Біз сыра туралы не білеміз?», «Ерлердің репродуктивтік денсаулығын сақтау»,  «Курительные смеси «Отправляют» в точку невозврата»,  «Психическое здоровье и Я», «Что мы знаем о пиве»,  «Темекі тастау жөнінде 7 кеңес»,  «Шылымқорлық туралы деректер» тақырыптарында  жарнамалар таратылды.

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты тәрбиесін насихаттауда  осындай  игілікті  іс-шара ұйымдастырған  арнайы  мамандарға алғыс айтамыз.

Тәрбие бөлімі

Жастар ісі комитеті

Студенттік парламент

Дені саудың – жаны сау

Денсаулық – зор байлық

Тазалық-денсаулық кепілі