23 мамыр 2022 11:17 admin

«Дәстүр басы-дін»

Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің айтыскер жас ақыны ФК-20 тобының студенті Алиев Жанболаттың  киелі сахнадан көрінуі  оқу орны мен ұстаздарын  қатты қуантады. Қазақ халқының ауыз әдебиетінің негізгі бір саласы — айтыс өнері. М.Әуезов «айтыс… өлең жарысы, өнер жарысы… бұл жай айтысушы ақындарды, үлкен жиын топта сайысқа шығарған батырлардай, күреске түсірген балуандардай, бәйгіге қосқан аттардай, бәсеке жарыс қызуына араластырады» деп келтіреді. «Айтыс — уәж, дәлелге құрылған екі қарсыластың ақындық сөз сайысы, өнер бәсекесі». Ол екі адамның сөз жүзінде тартысуы, қағысуы, дауласуы, жарысуы, сынасуы, өнер салыстыруы деген ұғымды қамтиды. Айтысқа түсуші ақынға қойылар шарт — біріншіден, ойынан құрастырып өлең шығаруы тиіс; екіншіден, айтысушы қарсы ақынның аяқ астынан қойған талап, сұрағына өлең мен ұтымды жауап беріп, сөз қайтару қажет; үшіншіден, ақындар өлеңді мықымына келтіріп, домбыра немесе қобыз, ия сырнайға қосып айтуы керек. Жас ақын-жыршылардың қабілетін дамытатын, еркіндігін тәрбиелейтін, рухани байытатын тәжірибе мектебі, халқымызды иісі қазақ екенін бүкіл әлемге танытатын биік шыңы айтыс өнерін дәріптеп жүрген ФК-20 тобының студенті Алиев Жанболат облыстық «Қазыбек би» тақырыбындағы  айтыста  да, аймақтық «Дәстүр басы-дін» тақырыбындағы айтыста көзге түскен өнерлі шәкіртіміздің бірі. Жанболатқа шығармашылық табыс тілейміз.