
«4 құнылық: адалдық, сенім, парасаттылық, әділдік»
20.05.2022ж. Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында адалдық сағаты ұйымдастырылды. Іс-шара барысында «4 құнылық: адалдық, сенім, парасаттылық, әділдік» тақырыбында әңгімелесу, ұлылардың нақыл сөздерін насихаттау арқылы пікірталас ұйымдастырылды.
Білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру мақсатында өткен іс-шара барысында студенттерде өз ойларын ортаға салды. Шара соңында түйген ойларын қағаз бетінде қалдырды:
- Жемқорлық – ол әділетсіздік;
- Сыбайлас жемқорлық – заңсыз жол;
- Жаман заттан аулақ болу керек;
- Сыбайлас жемқорлық – өте жаман қасиет;
- Жемқорлыққа жол жоқ;
- Жамандық – санасыздық;
- Сыбайлас жемқорлықты қолдамаймын;
- Сыбайлас жемқорлық оңай жолды іздеу;
- Қиындықты өз күшімізбен жеңу керек;
- Пара алу да, беру де қылмыс;
- Адал жолмен жүру керек;
- Адам бойында сенім, әділдік, парасаттылық, адалдық болу керек;
- Сыбайлас жемқорлық – ол араға адам салудан басталады;
- Сыбайлас жемқорлық – ол адам өміріне өте қауіпті;
- Пара беру арқылы адам білімсіздігін білдіреді;
- Мен парақорлыққа қарсымын;
- Адам әрқашан адал жолмен шешім қабылдау керек.
«Сыбайлас – жемқорлық қоғам дерті», сондықтан студенттер арасында осындай іс-шараларды өткізу маңызды.
Ұйымдастырушы БТЖО Г.Б.Джакаева
ЖІК басшысы Г.А.Жарылғасова
А-21 тобының кураторы Г.К.Керимова
ВТ-21, НОО-21 топтары