
«Бір шаңырақ астында»
Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде «1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі» күніне орай «Бір шаңырақ астында» атты мәдени іс-шара өткізілді. Мәдени іс-шара барысында НОО-21 с/о тобының студенттері қазақ, қырғыз, испан, қытай, украйн, цыган, орыс ұлттарының салт-дәстүрлерін насихаттады. П-21 тобының студенті Бағлашов Өркен Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйімен көрермендерін тамсандырды. Ынтымақ, достық, бірлік туралы түсінік беру, халықтар арасындағы достықты бағалау, өзге ұлттардың әдеп-ғұрпымен таныстыру, бірлікке, ынтымаққа және Отанды сүюге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шарадан студенттердің алар тәлімі мол болды.