24 желтоқсан 2021 13:25 admin

Кадрларды даярлаудың дуальді жүйесін құру жобасын іске асырудағы кәсіпорындар тәлімгерлерінің арасында «Үздік тәлімгер» байқауы

Маңғыстау облысында техникалық бағыттар үшін жұмысшы кадрларды даярлаудың дуальді жүйесін құру жобасын іске асыруға қатысқан кәсіпорындар тәлімгерлері арасындағы «Үздік тәлімгер» байқауына ереже бойынша қатысқан колледжіміздің серіктес мекемесі №19 «Толағай» бөбекжайының тәрбиешісі, тәлімгер Нуртанова Лаззат Каниевнамен колледжіміздің студенті Джаумытбаева Алмахан Мақсатовна қатысты. Байқау шарттары бойынша үш кезеңнен өтті. Нәтижесінде «Үздік визитка» номинациясымен марапатталды. Байқауға қатысу дайындығында студентіміз бен тәлімгеріне бағыт бағдар беріп, қолдау көрсеткен тәжірибе жетекшісі, колледжіміздің арнайы пән оқытушысы Улыкманова Жадыра атсалысты. Алдағы уақыттада үлкен жетістіктерге жетеді деген сенімдеміз.