13 желтоқсан 2021 15:25 admin

«Көгілдір ту астында, биікке біз самғаймыз!» патриоттық әндер байқауы

09.12.2021ж. Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Көгілдір ту астында, биікке біз самғаймыз!»тақырыбында патриоттық әндер байқауы  ұйымдастырылды. Туған жерін, елін сүйетін ұлтжанды, намысшыл, адамгершілігі мол азамат тәрбиелеу мақсатында өткізілген бұл байқауға І курс студенттері қатысты. Патриоттық байқауға ауған соғысының ардагері  Ертілеуов Салауат Бекесович қатысып, қазылар алқасының мүшесі болды. Патриоттық әндер байқауын  ұйымдастырушылар басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Б.Джакаева, АӘД пәніңің жетекшісі  Ж.Қ.Сарыбаев, жастар ісі комитетінің басшысы Г.А.Жарылғасова, колледж психологы П.А.Сырлыбаева. Қатысушы топтардың сахна мәдениеті, киім үлгісі, хормен айтуы бағаланды. І курстар арасында өткен бұл байқаудың қорытындысы:

 

 

Топтар

Марапаттары

 

1

А-21

Талапты топ

2

ПО – 21 - 1

Көрермендер көзайымы

3

НОО – 21

І орын

4

ФК-21-1

Белсенді топ

5

П-21

ІІІ орын

6

СЭЗ-21-2

ІІ орын

7

ЭТМ-21

Бас жүлде

8

ПО-21-2

Патриот топ

9

СЭЗ-21-1

Ынталы топ

10

ВТ-21

Өнерлі топ

11

ФК-21-2

Дарынды топ

Ауған соғысының ардагері Ертілеуов Салауат Бекесович патриот жастардың өнерлеріне сүйсінді.

«Ел ертеңі — жастар, Жастар — біздің болашағымыз»
Тәуелсіздік – еліміздің басты құндылығы

Қазақстанның Тәуелсіздігі – Мәңгілік елдің ұлы тарихы