08 желтоқсан 2021 18:06 admin

«Жобалау технологиясын білім мазмұнын жаңарту жағдайында қолдану» тақырыбында әдістемелік семинар-практикум

06.12.21ж күні Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде  оқытушыларға арналған "Жобалау технологиясын білім мазмұнын жаңарту жағдайында қолдану" тақырыбында әдістемелік семинар-практикум өткізілді. Семинар-практикумда оқытушылар жоба бойынша жұмыс кезеңдерімен таныстырылып, жобалық қызмет және жалпы оқу дағдыларын дамыту, жоба бойынша жұмыс барысында студенттермен өзара әрекеттесу, жоба түрлері, жобаларды бағалауды меңгерді. Оқытушыларды топқа бөліп, әр топқа «Үй тұрғызамыз!»жобасы берілді. Әр топ жасаған жобалары бойынша бағалау парағын толтырып, "үй тұрғызамыз" жобасының алгоритмін жасап, өз жобаларын қорғады. Семинар соңында оқытушыларға "Критериалды бағалау" іскерлік ойыны бойынша үй тапсырмалары берілді. Семинар-практикумда оқытушылар бірлесіп жұмыс жасап, бір-бірімен пікір алмасып, тәжірибе алмасты.