06 желтоқсан 2021 16:30 admin

«Мен өз елімнің патриотымын!» тақырыбында «Саналы ұрпақ» мүшелерінің слеті ұйымдастырылды

02.12.2021ж.Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің  «Мен өз елімнің патриотымын!» тақырыбында «Саналы ұрпақ» мүшелерінің слеті ұйымдастырылды.

Студенттерді  Отанды сүюге, құрметтеуге,  қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге, патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбиені одан әрі бойларына қалыптастыру, өз ой-пікірлерін білдіруге, еркін сөйлеуге үйрету, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуда шығармашылық тапсырмалар орындату, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке тәрбиелеу мақсатында өткізілген бұл іс-шара 4 бөлімнен тұрды:

1 кезең - «Таныстыру» (топтың аты, ұраны, эмблема қорғау, топтың әні)

2 кезең - «Серпілген сауал» әдісі бойынша сұрақ-жауаптар (әр топқа 10 сұрақтан)

3 кезең - «Кластер» әдісі бойынша  постер қорғау:

Тақырыптары:

1. «Гүлденген Қазақстан!»

2.«Біздің таңдауымыз - жемқорлықсыз болашақ!»

3.«Тәуелсіздікке 30 жыл!»

4 кезең- Эстафеталық ойын.Ойын соңында «Отан - оттан ыстық»мақалын шығару.

Слетті ұйымдастырушылар басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Б.Джакаева, колледж психологы П.А.Сырлыбаева, жастар ісі комитетінің басшысы Г.А.Жарылғасова. Бұл шараға П-20, А-19, НОО-20-2 тобының студенттері қамтылды.

Нәтижесінде,

  1. «Алаш» тобы І орын;
  2. «Мәңгілік Ел» тобы ІІ орын;
  3. «Сұңқар» тобы ІІІ орынды иеленді.

 

Қазақстан Республикасының 30 жылдығы тұсында ұйымдастырылған бұл шарадан студенттердің алар тәлім-тәрбиесі, егеменді елі туралы ақпараты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру да білімдері толыға түсті.