24 қараша 2021 11:56 admin

Жалпыадамзаттық ұлттық құндылықтар күніне орай өткізілген іс-шаралар

Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде жалпыадамзаттық құндылықтар күніне орай іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсам, колледж психологы П.Сырлыбаева «Сүйіспеншілік адамның басты қасиеті, ақиқат-оның негізі, дұрыс әрекет-оның шынайы өмірі» тақырыбында  СЭЗ-21-2 тобында шаттық шеңберін ұйымдастырды. Қазақ тілі, орыс тілі, шетел тілі пәнінің оқытушылары бұл күні студенттерге эссе, шығарма жаздыртып, еркін тақырыпта өлең шығаруға ұсыныс жасады.   Кітапхана меңгерушісі Г.Капаева  рухани-адамгершілік тәрбиеге арналған кітаптармен таныстырып, студенттерге оқуға кеңес берді. Сонымен қатар, топтарда «Жалпыадамзаттық құндылықтар – тұлғаны рухани тәрбиелеудің адамгершілік тәрбиенің негізі» тақырыбында НОО-21с/о тобының кураторы Т.Таймағанбетова және «Жалпы адамзаттық құндылықтар – рухани дамудың көзі» тақырыбында  ЭТМ-21 тобының кураторы А.Болтекова тәрбие сағаттарын өткізсе, ФК-21-1 тобының кураторы А.Жантанатова «Жүрек қуанышы» тақырыбында студенттермен бірге шығармашылық жұмыстар орындады.

  «Тәрбиесіз қоғам, қоғамсыз тәрбие өмір сүрмейді» деген заңдылыққа сүйене өскелең ұрпақтың бойына қоғам талабына сай адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда студенттерге сапалы білім мен саналы тәрбие беру оқу орны мен педагогтың басты міндеті, ең үлкен парызы, ұстаздық борышы деп түсінген кураторлар бұл күні топтарда әңгімелесу жұмыстарын жүргізді.