03 қараша 2021 18:03 admin

«Оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін бағалауда ситуациялық және практикалық тапсырмаларды енгізу» әдістемелік семинары туралы ақпарат

29.10.2021ж. күні Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің әдістемелік кабинеті «Оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін бағалауда ситуациялық және практикалық тапсырмаларды енгізу» атты әдістемелік семинарын ұйымдастырды. Семинардың мақсаты: пәндер/модульдер бойынша оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін бағалауда ситуациялық және практикалық тапсырмаларды енгізудің тиімді жолдарын, әдіс-тәсілдерін көрсету, тәжірибе алмасу. Семинарда әдістемелік кабинет меңгерушісі Айтжанова Ш.Р. пәндер/модульдерде қолданылатын ситуациялық және практикалық тапсырмалар түрлерімен таныстырса,химия пәнінің оқытушысы Төлеу М.Ж.пәні бойынша оқу бағдарламасына сай практикалық тапсырмаларды енгізу және оларды бағалау жолдарын көрсетті. Арнайы пәндер оқытушысы Сатқанбай Р.Н.«Сәулет» мамандығы бойынша модулді бағалау ерекшеліктерін, ал қазақ тілімен әдебиеті пәнінің оқытушысы Джакаева Г.Б. техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша мамандар даярлауда қазақ әдебиетін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар жұмысына колледждің оқытушылары қатысты.