02 қараша 2021 17:47 admin

«Маңғыстау өлкесіне саяхат» факультативі бойынша Ақтау қаласындағы «Мәңгілік алау» жанында патриоттықіс-шара  ұйымдастырылды

30.10.2021ж. Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде  «Маңғыстау өлкесіне саяхат» факультативі бойынша Ақтау қаласындағы «Мәңгілік алау» жанында патриоттық іс-шара өткізілді. Патриоттық іс-шараны  факультатив жетекшісі педагог, ғалым, филология ғылымдарының докторы  Дюсембаева Жанбибі Сенбайқызы ұйымдастырды. Ұлы Отан соғысында ерекше ерлік көрсеткен, туған елден топырақ бұйырмай жырақта қалған Маңғыстаудың батырларының ерліктері  жастарға насихатталды. Сонымен қатар, сынаптан тыс, өзіндік  және ізденіс жұмыстары  тапсырылған студенттер  Ұлы Отан соғысы кезінде 14 атқыштар және атты әскерлер полкінде 30-дан астам ұлт өкілдерінің болғаны, соның ішінде Маңғыстаулық жерлестер туралы жинақтаған мәліметтерінен сыр шертіп, қорытындылады. Бұл шараны НОО-18 тобының студенттері Дүйсенбаева Асем мен Құлберген Айгүл жүргізді. Туған жерді қасық қаны қалғанша қорғаған батыр бабаларының ескерткішінің жанында қалған студенттерге таратпа материалдар үлестіріліп,  осы материалдарды негізге ала отырып, 8 батырдың ерлік жолынан қызықты мәліметтер айтылды. Бұл игі бастама әлі де жалғасады, өйткені аудан орталықтарындағы және Форт Шевченко, Жаңа Өзен қалаларындағы майдангерлерге тұрғызылған ескерткіш тақтадан тұрғылықты студенттер ақпарат жинақтап, мәліметтер іздестіруде.  Ізденіс жұмыстары студенттерімізді нәтижесіз қалдырмауда, оған дәлел  1947, 1951 жылдардағы Ресей мемлекетінің әскери комиссариатының  әскери құпия құжаттарды ашық жариялауына байланысты Маңғыстаулық майдангерлер туралы да ғаламтордағы сайттардан тың ақпараттардың пайда болуында. Қазіргі кезде «Ел ертеңі – жастар, жастар – біздің болашағымыз» дегенді жиі естиміз. Сондықтан да, жастарымыз алдағы уақытта патриоттық сезімді ұғынуға осындай тағылымды іс-шаралардың маңызы зор.