25 қазан 2021 11:02 admin

І курс топтары арасында «Күз ханзадасы мен ханшайымы- 2021» байқауы өткізілді

22.10.2021ж. Жас ұрпаққа қоршаған ортадағы түрлі құбылыстарды және күз кереметтілігін нақты айқындап ашуға, табиғатты сүюге, сақтауға үйрету және студенттердің әртістік қабілеттерін дамыту, талантын ашу, инабатты, иманды, іскер, мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған бұл сайыста 10 жұп бақ сынасты. Байқау 4 бөлімнен тұрды:

  1. Таныстыру кезеңі (Әр жұп өлеңмен немесе мәнерлеп оқу арқылы таныстырады);
  2. «Өнерлі өрге жүзер» айдарымен өнер көрсету;
  3. «Күзгі композиция» кезеңі (әр түрлі табиғи нәрселерден киім үлгісі арқылы күздің белгісін сипаттау);
  4. «Ең әдемі күз вальсі»  (әр жұп өздерінің талғамына сай әуенге вальс билеу).

Таныстыруларын  өлеңмен өрнектеген байқауға қатысушылар өнерде де бір-бірінен асып түсті. Атап айтсақ, ПО-21-1 тобының студенттері көлеңке театры арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттаса, СД-21 мен НОО-21 тобының студенттері үнді биімен, ПО-21-2 тобының студенттері брэк биінен өнер көрсетсе,  ЭТМ-21 - НОО-21  тобынан құралған жұптар өз туындыларынан мәнерлеп оқыды, НОО-21 с/о, А-21, СЭЗ-21-2 топтарының студенттері шығармашылық сурет өнерімен көрермендерін таң қалдырды. П-21,ФК-21-1- ЭТМ-21  жұптары әзіл әлемінен пародия жасап, көрермендеріне риясыз   күлкі  сыйлады. ФК-21 с/о,ФК-21-2 тобынан құралған жұптар Сабыр Адайдың «Маңғыстау» туындысын ұлттық киіммен презентация көрсету арқылы өз мәресіне жеткізе патриоттық сезіммен оқыды.

«Күзгі композиция» кезеңінде қатысушыларымыз қиял әлемінен сәндік үлгінің ең керемет түрлерін көрсетіп, қазылар алқасының жоғары ұпайына ие болды. Сонымен қатар, «Ең әдемі күз вальсі»  айдарында  баяу әуенмен тербелген жастар сахна сәнін келтірді.

Нәтижесінде:

Студенттер аты-жөні

Марапаты

СЭЗ-21-2 тобы

Қалмұратұлы Әділет -  Демеген Ақгүл

Бас жүлде

ПО-21-1 тобы

Нимати  Мұхаммедсами - Саликбаева Альбина

І орын

ФК-21 с/о,ФК-21-2 тобы

Отан Асылмұрат - Клычева Айкерім

ІІ орын

НОО-21с/о тобы

Торшаев Бауыржан - Нұралыхан Мөлдір

ІІІ орын

ЭТМ-21 - НОО-21 тобы

Шагинов Мерей - Қалдыбай Қарлығаш

«Жарасымды жұп» номинациясы

П-21   тобы

Раманкулов Аққали - Ізтұрған Арайлым

«Сымбатты жұп» номинациясы

А-21 тобы

Өтежанов Диас - Таңатар Мөлдір

«Креативті жұп»

номинациясы

ЭТМ-21  -ФК-21-1  тобы

Кенжеғали Манарбек - Игілікқызы Ақбота

«Өнерлі жұп» номинациясы

СД-21 мен НОО-21 тобы

Мұханов Ескендір - Дуйсенбай Халима

Алғыс хат

ПО-21-2 тобы

Жұмағұл Әділғали - Асқар Ақтілек

Алғыс хат

     

Студенттерімізді  және олардың кураторларын  жеңістерімен құттықтаймыз!