11 қазан 2021 10:36 admin

Студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстары

Студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстары

Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін «Жас зерттеуші» үйірмесінің мүшелері таңдаған тақырыптары бойынша зерттеу жұмыстарын бастап кетті. 2021-2022 оқу жылының қыркүйек айында «Бастауыш білім беру» мамандығы 3 курс  студенттері Сабитаева Д., Ережепова Д. арнайы пәндер оқытушысы ғалым Ж.Дюсенбаеваның жетекшілігімен Көкпек өсімдігін зерттеу жұмыстарын жүргізді. Студенттер зерттеу жұмыстарын қаламыздың ботаникалық бақшасына барып толықтырды. Зерттеу қорытындысын баспасөз материалдарына жариялады.