01 қазан 2021 16:15 admin

Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында эвакуациялық жаттығу жұмыстары жүргізілді

Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында эвакуациялық жаттығу жұмыстары жүргізілді

30.09.2021 ж. Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде 2021-2022 оқу жылының 30 қыркүйегінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында эвакуациялық жаттығу жұмыстары жүргізілді. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – қызметкерлер мен студенттердің өрт кезінде  іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру, өрт сөндіру бөлімінің  өрт-тактикасы туралы дәрісін тыңдау. Дабыл жүйесінің қағылуымен  оқу орнының  ұжымы  студенттерді қауіпсіз аймаққа қосымша  есіктер арқылы алып шығып, ұйымшылдық көрсетті. Эвакуациялау 4 минутқа созылып, 45 қызметкер мен 459 студент қамтылды.          Эвакуациялық жаттығу барысында жедел жәрдеммен, 2 дана техникамен және өрт сөндірушілермен қамтылды.  Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Жандос Кенжебаев, Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты   Есен Борашев  өрт қауіпсіздігінің ережесімен тағы бір мәрте таныстырып өтті. Сонымен қатар, колледжде асхананың шартты жануы салдарынан зардап шегушіні құтқару бойынша өрт тактикалық сабағы өткізілді.

Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының әкімшілігіне және ұйымдастырушы  жауапты  мамандарына алғыс айтамыз!