30 қыркүйек 2021 13:10 admin

«Таланттарды танимыз!» байқауы

Каспий  өңірі  «Болашақ»  колледжінде  колледжішілік «Таланттарды танимыз!» байқауы ұйымдастырылды

23.09.2021ж.Каспий  өңірі  «Болашақ»  колледжінде студенттердің шығармашылық, әртістік қабілетін дамыту, талантын ашу, эстетикалық талғамын арттыру, мәдени іс-шараларға қатысуға баулу мақсатында І курс студенттері арасындаколледжішілік «Таланттарды танимыз!»байқауы ұйымдастырылды. Байқауға студенттер ән, би, мәнерлеп оқу, күй, сурет салу  категориялары  бойынша қатысып, төмендегі студенттер номинациялармен марапатталды:

1.     ПО-21-1 тобының студенті Қалдыбаева Ақбота «Көркем би» номинациясымен марапатталды.

2.     ПО-21-1 тобының студенті Тұрсынбекова Асель «Қылқалам шебері» номинациясымен марапатталды.

3.     ПО-21-1 тобының студенті Жармағанбетов Ерболат «Күміс күй» номинациясымен марапатталды.

4.     НОО-20-1 тобының студенті Сарсенбаева Шынарай «Әсем дауыс»номинациясымен марапатталды.