29 қыркүйек 2021 18:02 admin

«Мұражайдағы бір күн»

Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде  І курс студенттері  «Мұражайдағы бір күн» жобасы аясында колледжішілік мұражаймен таныстырылды

13.09 – 25.09.2021 ж. Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде  оқу орнының тарихымен таныстыру мақсатында  І курс студенттерін  «Мұражайдағы бір күн» жобасы аясында колледжішілік мұражаймен таныстыру ұйымдастырылды. Мұражайдың «Колледж құрылтайшысы», «Маңғыстау «Болашақ» институты», «Колледж тынысы», «Біздің түлектер», «Біздің жетістіктер», «Колледж және Серіктестік», «Колледж баспасөз бетінде» бөлімдері бойынша таныстырылды. Сонымен қатар, Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, Маңғыстаудың тумасы  Әбіш Кекілбаевқа арналған бұрыштан студенттер көптеген құнды ақпараттар тыңдады. Студенттердің қолдан жасаған бұйымдарын тамашалады.