22 маусым 2021 11:27 admin

«Үздік староста-2021» байқауы өткізілді

17.06.2021ж. Каспий өңірі «Болашақ» колледжіндестаросталардың атқаратын жұмыстарын, жүктелген міндеттерін ұғындыру, ситуациядан шыға білуге дағдыландыру, колледжішілік мәдени іс-шараларға  қатысуға баулу мақсатында «Үздік староста-2021» байқауының ережесі жасақталып,  онлайн форматта өткізілді. Байқауға қатысуға 14 староста ұсыныс білдірді, ережеге сәйкес 8 старостаның жұмысы сапалы деп танылып, колледждің әлеуметтік парақшасына жарияланды. Сонымен қатар, әр қатысушы  тобымен өткізген қызықты сәттері  туралы эссе жазды. Нәтижесінде, бас жүлдені НОО-17 тобының старостасы Ниязбаева Диана, І орынды ВТиПО-20-1 тобының старостасы Кыдырова Арайлым, ІІ орынды ФК-17-1 тобының старостасы Дехканов Асқар, ІІІ орынды А-19 тобының старостасы Кульбаева Дильназ иеленді. Сонымен қатар, ВТиПО-20-2 тобының старостасы «Ізденімпаз староста» номинациясымен, НОО-20-1 тобының старостасы Сағындықова Асель «Супер староста» номинациясымен марапатталды. Қалған қатысушыларға алғыс хат берілді.