15 маусым 2021 12:25 admin

Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің студенттері диплом алды тәжірибе кезінде марапатталды

07.06.2021ж.Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»  мамандығының  IV курс  студенттері теорияны біліммен ұштастыруда  балабақшаларда диплом алды тәжірибеден өту барысында  белсенділік көрсете білді. Мұнайлы ауданы,  «Ай-Шах» жекеменшік балабақшасында диплом алды  тәжірибе  кезінде білім беру жүйесіндегі шығармашылық еңбегі үшінДО-17 тобының студенті Азирбекова Ақтоты Жаңбырбайқызыалғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар, 1 - Маусым-балаларды қорғау күніне арналған тәрбиешілер арасындағы мерекелік шарада  бүлдіршіндерге  ғажайып көңіл күй сыйлап, өнер көрсеткені үшін   ІІ орынмен марапатталды. №19 «Толағай» бөбекжайында  диплом алды  тәжірибеден өткен ДО-17 тобының студенті Жолшиева Самал  белсенділік танытып, көзге түскені үшін алғыс хатпен марапатталды.

Теориялық білімді бекіту және тереңдетуде, жетілдіруде, тәжірибеде қолдану мақсатында мектепке дейінгі ұйымдарда тәжірибеден өтуші әр студентіміз өздерінің сүйікті мамандықтарының қыр-сырын қызығушылықпен меңгеруде.