03 маусым 2021 11:37 admin

«1 маусым - балаларды қорғау күні»

«1 маусым - балаларды қорғау күні» мерекесіне орай қайырымдылық

іс-шарасы ұйымдастырылды

01.06.2021ж. Жас ұрпақты тәлім-тәрбие беру ісінде  әділеттілік, достық, біреуге қол ұшын беру, жәрдемдесу,  қамқорлық жасау т.б.  адамгершілік қасиеттерге  баулу мақсатында  колледжде қайырымдылыққа баулитын игілікті  іс-шаралар жыл сайын ұйымдастырылып келеді.  Қайырымдылық іс –шараларына колледж ұжымы, студенттер белсене қатысып, ұйымдастырылған жәрмеңкелерден түскен қаржыға  мүжәлсіз отбасы балаларына ойыншықтар, тәттілер, жөргектер  табыс етілуде. «Адамның шын мағынасындағы білімді болу үшін үш қасиет қажет – кең көлемді білім, ойлай білу және қайырымдылық сезім» деген ойшылдардың қанатты үнемі студенттер арасында насихатталады. Балалар күніне арналған қайырымдылық іс-шарасын колледждің педагогикалық ұжымы бірлесе ұйымдастырды.

Атамекен кентінде тұратын 7 жыл бойы қос жанары жәудіреп, төсекке таңылған бүлдіршінге, оның биыл оқуға баратын інісіне қаржылай сыйлық  табысталды. Сонымен қатар, ата-анасының мүмкіндігі шектеулі отбасының балаларына ойыншақтар сыйға тартылды. №20 Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің бүлдіршіндері Алпысбай Зейнеп пен Алпысбай Шұғыла рахметін айтты.

Ұлы Абайдың он төртінші қара сөзіне жүгінетін болсақ, «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді» делінген. Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Осыны жас ұрпаққа түсіндіру – басты міндетіміз.