02 маусым 2021 14:03 admin

«Абыройлы ұстаз» сырттай облыстық бейнеролик байқауы

Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  өткен  «Абыройлы ұстаз» сырттай облыстық бейнеролик байқауына колледж студенттері қатысып, марапатталды

01.06.2021ж. Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің   студенттері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда оқытушылардың негізгі рөлін ашу, адал оқытушы бейнесін культивациялау, абыройлы ұстаздарды дәріптеу мақсатында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында  ұйымдастырылған  «Абыройлы ұстаз» сырттай облыстық бейнеролик байқауына өздерінің  ұстаздары туралы және адал оқытушының қандай болу керектігін насихаттайтын бейнебаяндарын ұсынды.  Атап айтсам, НОО-17 тобының студенті  Картжанова  Жанар  ұлағатты ұстаз Дюсембаева Жанбиби Усембаевнаның  ғылыми  жұмыспен  іздену сәттерін бейнелесе,  НОО-20-1 тобының студенті   Сағындықова  Әсел  жетекшісі Джакаева Гульзира Баженовнаның   «Саналы  ұрпақ»  үйірмесі   туралы  көрсете білді,  НОО-18 тобының  студенті Кемалова Рухия  Друсбаева  Жазира  Булатбаевнаның жетекшілігімен   абыройлы  ұстаздың студенттерін    жемқорлықсыз қоғамға қалай тәрбиелейтінін  көрсете білді.  

Нәтижесінде,

  1. ІІ орынмен НОО-17 тобының студенті  Картжанова  Жанар,   жетекшісі  Дюсембаева Жанбиби Усембаевна
  2. Сертификат.   НОО-20-1 тобының студенті   Сағындықова  Әсел,  жетекшісі Джакаева Гульзира Баженовна.
  3. Сертификат. НОО-18 тобының  студенті Кемалова Рухия , жетекшісі  Друсбаева  Жазира  Булатбаевна