02 маусым 2021 09:51 admin

«Қане, жігіттер» атты сайыс

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай колледжішілік

«Қане, жігіттер» атты сайыс өткізілді

Каспий  өңірі «Болашақ» колледжінде  студенттердің патриоттық сезімін арттыру, отанға деген сүйіспеншілігін  дамыту, оқу орны мен студенттер  арасындағы ынтымақтастықты нығайту  мақсатында  7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай колледжішілік «Қане, жігіттер» атты сайыс ұйымдастырылды. Әр сайысқа қатысушы «Мен бейбіт елдің ұланымын» тақырыбында  спорттық жаттығуларданбейнебаян түсірді. Сайысқа І курстың студенттері қатысып, өздерінің бағын сынады. Сайыс қорытындысы бойынша, ФК-20 тобының студенттері Амандық Бекзат «Жігерлі жігіт», Тұрақбай Бекзат «Патриот жігіт»,  Джанаев Русланбек «Батыл жігіт», Муханбет Уалихан «Қайсар жігіт» номинациясымен марапатталды.

Заңғар жазушымыз М.О.Әуезов “Ел болам десең,бесігіңді түзе”дегендей, елдіктің жалғасы жастардың қолында екенін ұмытпауымыз қажет.

Бейне баяндарды осы  сілтеме арқылы көре аласыздар:

  1. https://www.instagram.com/p/COh_ThoFw0K/?utm_medium=share_sheet
  2. https://www.instagram.com/p/COnRWDWF0Gu/?utm_medium=share_sheet
  3. https://www.instagram.com/p/COnRGLTlmCw/?utm_medium=share_sheet
  4. https://www.instagram.com/p/COnQ3rPF9CB/?utm_medium=share_sheet