18 мамыр 2021 11:41 admin

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары

2020-2021 оқу жылында ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің ғылыми қоғам жетекшісі Ж.У. Дюсенбаеваның ұйымдастыруымен ғылыми қоғам мүшелері Маңғыстау өлкесіндегі құсбегілік өнер туралы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қорытындылады. Зерттеу жұмысына НОО-17, НОО-18 тобының студенттері қатысты. Студенттер Тұшыбек мекенінде бүркіт ұстаушы, оны аңға салушы Мереке Өтеғалиұлы бастаған бүркітшілермен кездесіп, олардың өнерлерімен жеке-жеке танысып деректер жинады, құсты қолға үйрету тәсілдерін, тамақтануының ерекшеліктерін білді. НОО-17 тобы студенті Қонысбаева Жанардың «Қазақтың аңшылық дәстүрі» тақырыбында ғылыми жобасы жоғары бағаланды.